Бұл туралы корольдіктің сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес RAC1 радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Прокуратура соттан осындай шараны сұрады", - деді ол. "Біз ХҚС-ты қолдаймыз және оны осы қылмыстарды тергеу үшін қаржыландырамыз".
"Егер ХҚС-тың түпкілікті шешімі осындай болса, онда біз, әрине, бұл шешімді орындаймыз және оны қолдаймыз", - деп толықтырды министр.
Бұған дейін Еуропа елдері арасында Норвегия Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берілсе, оны қамауға алуға дайын екенін жариялаған болатын https://inbusiness.kz/kz/last/norvegiya-netanyahu-men-hamas-basshylaryn-tutkyndauga-dajyn.
Дүйсенбі күні Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) прокуроры Кәрім Хан Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды, Израиль Қорғаныс министрлігінің басшысы Йоав Галантты және ХАМАС қозғалысының үш жетекшісін әскери қылмыстары үшін қамауға алу туралы бұйрық беруді талап еткенін еске саламыз.
Мәлімдемеде атап өтілгендей, Хан ХҚС алдын ала өндіріс палатасына жүгінді. Оның айтуынша, жиналған және зерттелген дәлелдерге сүйене отырып, Нетаньяху, Галант пен ХАМАС басшыларв "Палестина мемлекетінің аумағында (Газа секторында) кем дегенде 2023 жылдың 8 қазанынан бастап жасалған әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп сенуге негіз бар.