Испания елімізге инвестиция салуға мүдделі

929

Қазақстандық делегация Испанияның экспорттаушылар клубына мүше 30-ға жуық үздік компаниямен кездесті.

Испания елімізге инвестиция салуға мүдделі

Испандық инвесторлар Қазақстанның баламалы энергия саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл бағыттағы жобалар жайлы кәсіпкерлер Мадридте өткен іскерлік кездесу барысында талқылады, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандық делегация Испанияның экспорттаушылар клубына мүше 30-ға жуық үздік компаниямен кездесті.

Айта кетейік, испандық кәсіпкерлердің баламалы энергия саласында тәжірибесі мол. Сол себепті олар елімізге инвестиция салып қана қоймай, өздерінің ноу-хау жоспарларымен бөліспек. Елімізден барған делегация жиналған қауымға инвестиция салудың шарттарын айтып, Қазақстандағы аукцион жүйесін түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттің 2050 жылға дейін электр жүйесінің 50 процентін баламалы көздерден алу туралы өршіл мақсатын айта кетті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы, логистика және қалдықтарды өңдеу саласында серіктестік орнату жайы да сөз болды.

"Аукционға қатысып, жеңіске жеткен инвесторлар 15-жылдық келісімшартқа ие болады. Яғни 15 жылдық off-take-ті алады деген сөз. Бұл ең мықты халықаралық тәжірибе. Әзірге испандық компаниялар Қазақстан нарығына кірмеді. Дегенмен, бүгінгі кездесуден соң отандық нарыққа Испанияның кәсіпкерлері айтарлықтай қызығушылық танытып отыр",– деді ҚР ЭМ баламалы энергия көздері бойынша департамент директоры Айнұр Соспанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу