Испания Каталонияның парламентін таратты

808

Испания Каталонияның парламентін таратты

Испания премьер-министрі Мариано Рахой үкіметтің Каталония парламентін тарату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды khabar.kz.

"Біздіңше, Каталонияның барлық азаматының не дейтініне құлақ асқан жөн болады. Себебі олар өз болашақтарын өздері таңдай алуға тиіс. Заңға қайшылық жасап, олардың атынан ешкім әрекет етпеуі керек", - деді Рахой.

Сонымен қатар премьер-министр Каталонияда 21 желтоқсанда парламент сайлауы өтетінін, ал Каталония парламентінің мүшелері қызметтен босатылатынын айтты.

Еске сала кетсек, таяуда Каталония парламенті Каталонияны тәуелсіз ел деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу