Константин Жигалов Қазақстанның Андалусияда жаңадан тағайындалған Құрметті консулына Оскар Гомезке экзекватурасын тапсырды.
К.Жигалов Малага мэрімен екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде ЭКСПО-2027 өткізуге Малага қаласының кандидатурасын ұсыну мәселесі, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.
Елші 2017 жылғы Қазақстан астанасында халықаралық көрменің сәтті өткені туралы айтып, оның ашылуына бірқатар мемлекеттердің басшылары, соның ішінде Испания Королі Фелипе VI қатыстқанын жеткізді.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға ЭКСПО-2017 аумағы қазіргі уақытта белсенді түрде пайдаланылып жатқанын хабарлап, "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысына тоқталды.
Әкімдіктің басшылығы тиісті тәжірибені зерделеу мақсатында Қазақстан астанасына ықтимал сапарға қызығушылық танытты.
К. Жигалов испандық тарапқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды қайта құрулар туралы айтып берді. Отырысқа қатысқан әкімдіктің Азаматтық қатысу, көші-қон және халықаралық байланыстар жөніндегі бас директоры Беатрис Бесерра Испанияның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды мұқият қадағалап отырғанын атап өтіп, оның нәтижелерін қолдады. Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстанды" құру бойынша жүргізіліп жатқан бағытына жоғары баға берілді.
Экономикалық ынтымақтастық туралы айта отырып, қала әкімімен Малага Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізу келісілді. Сондай-ақ испан тарапы келесі жылы Қазақстанға сауда миссиясын жіберу мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Елші А.Муньосқа негізгі штаб-пәтері Марбелья қаласында орналасқан "Balms" заң фирмасының серіктесі, Андалусиядағы ҚР Құрметті консулы О.Гоместі ұсынды.