Испания мамандары 300 мигрантты құтқарды

765

Жергілікті билік заңсыз көші-қонды төтенше жағдайды деп жариялап,енді тиісті шаралар қабылдамақ.

Испания мамандары 300 мигрантты құтқарды

Испанияның құтқару қызметі мен азаматтық гвардиясы 300 мигрантты құтқарды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Ресми дерек бойынша, 11 қайыққа мінген босқындар теңіз арқылы елге келмекші болған. 

Олардың бір бөлігі Лансароте аралындағы Арресифе муниципалитетіне, қалғандары Гран-Канария аралындағы Аргинегин қаласына жөнелтілді. Дәрігерлер бір адамның қаза тауып, алты адамның жарақат алғанын мәлім етті.

Испания қазір көші-қон дағдарысын бастан кешіруде. Бұл елге  Канар аралдарынан ағылған мигранттар легі толастар емес. Соңғы айда теңіз арқылы 8 мың африкалық елге қоныс аударған.Жергілікті билік заңсыз көші-қонды төтенше жағдайды деп жариялап, енді тиісті шаралар қабылдамақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу