Испания сепаратистерге рақымшылық жасауға наразылық білдіруде

382

Мадрид пен басқа испан қалаларының көшелеріне он мыңдаған адамдар шықты. 

Испания сепаратистерге рақымшылық жасауға наразылық білдіруде Фото: Getty Images

12 қараша, жексенбіде бүкіл Испания бойынша он мыңдаған адамдар ел премьер-министрінің міндетін атқарушы Педро Санчестің каталондық сепаратистерге рақымшылық жасау жоспарына қарсы жаңа наразылық акциясына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ресми мәліметтер бойынша, митингтердің бастамашысы болып оппозициялық консервативті халықтық партия болды.

Ең үлкен акция Мадрид қаласында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, ол шамамен 1 миллион адамды жинады. Ал Испания үкіметі ел астанасында өткен митингке 80 000 қатысушыны жариялады.

Наразылық білдірушілер Испания мен Еуропалық Одақтың жалауларын, сондай-ақ, "Конституцияны құрметтеңіз" және "Испан демократиясына қауіп төніп тұр" деген ұрандар жазылған баннерлерді ұстады.

Барселонадағы наразылық акциясына жергілікті полицияның мәліметіне сәйкес 6000 адам, Гранадада 30 000 адам, Севильяда 50 000 адам шыққан. Митингтер Малага, Пальма және Валенсияда да өтті. Ұйымдастырушылар бүкіл Испания бойынша наразылық акциясына шамамен 2 миллион қатысушы қосылды деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу