Испания тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен аймаққа барған патшаға балшық лақтырды

209

Испания королі Филипп VI мен патшайым Летиция премьер-министр Педро Санчеспен және аймақ губернаторы Карлос Мейсонмен бірге Валенсияны аралады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Испания тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен аймаққа барған патшаға балшық лақтырды Фото: DW

Аталмыш облыста су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапқан.

"Филипп VI мен патшайым Летиция апаттан кейін жергілікті тұрғындарға көңіл айтып, қолдау көрсету үшін аймаққа барды. Алайда апаттың ортасында көмек көрсетуді тым кешіктірген биліктің баяу қимылдағанына ашуланған жұрт бар өшін патшадан алғандай болды. Екеуіне батпақ лақтырып, лайға көмді", – делінген хабарламада.

Пайпорт қаласының тұрғындары апат кезінде "баяу әрекет еткен" билікке шағымданды. "Төрт күнге кешіктіңіздер!" – деп айқайлады адамдар. Валенсия тұрғындары да монархтарды "қанішер" деп атап, тұрғындарды су тасқыны қаупі туралы алдын ала ескертпегені үшін айыптады. Король адамдарды сабасына түсіруге тырысқанымен, ақыры полиция көмегіне жүгінуге тура келді.

Наразылық толқынына төтеп бере алмаған корольдік жұп Чива қаласына іс-сапарын кейінге қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу