Испанияда 1,5 мыңнан аса мектеп жабылды

1128

Испанияда 1,5 мыңнан аса мектеп жабылды

Әлем назары Каталонияға ауды. Бұл автономиялық аймақта тәуелсіздік жөнінде референдум басталады. Ресми Мадрид бұл шараны заңсыз деп жариялағанымен, жергілікті билік пле-бисцитті жүзеге асырмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Ал Испания тәртіп сақшылары сайлау өткізілетін ғимараттарды жауып жатыр. Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметінше, 1 мың 300 мектеп жабылған. Сонымен қатар билік сайлау бюллетеньдерін алып тастап, дауыс беруге үндейтін сайттарды тұсаулады.

Осы референдумға байланысты испан халқының көзқарасы екіге бөлінген. Елдің бірқатар қалаларында Испаниядан тәуелсіздік алуды қолдаушылармен қатар қарсы болғандар да ереуілге шықты.

Айта кетейік, Каталония – Испанияның басқа өңірлеріне қарағанда экономикасы әлдеқайда алға басқан аймақ. 7 миллионға жуық тұрғыны бар. Олардың бәрі ана тілінде сөйлейді. Каталондықтардың өз тәуелсіздігін алуға деген ұмтылысы 2012 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін күшейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу