Испанияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынбақ

221

Мадрид басқа да еуропалық елдерді осы бастамаға қосылуға шақырды. 

Испанияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынбақ Фото: freepik.com

Испанияда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынбақ. Осыған байланысты платформалар пайдаланушылардың жасын тексеру жүйесін енгізуге міндеттеледі. Бұл туралы Испанияның премьер-министрі Педро Санчес айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Ел үкіметі бұған дейін әлеуметтік желілерде өшпенділікке итермелейтін пікірлер мен жалған ақпарат кеңінен таралғанын мәлімдеген болатын. Олар мұндай контенттің жастарға кері әсері бар деген пікірде.

Педро Санчес Дубайда өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитте сөз сөйлеп, басқа да еуропалық елдерді игі бастамаға қосылуға шақырды. 

"Платформалар адамның жасын тексерудің тиімді жүйелерін енгізуге міндеттеледі. Бұл шын мәнінде жұмыс істейтін нақты тосқауылдар болуы тиіс", – деді Испания премьер-министрі. 

Испания премьер-министрінің сөзінше, әлеуметтік желі басшылары заңсыз контент пен өшпенділік тудыратын материалдар үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Үкімет келесі аптада тиісті заң жобасын парламент қарауына ұсынады. Бұдан басқа алгоритмдер арқылы манипуляция жасау мен заңсыз контент тарату да қылмыстық жауапкершілік санатына жатқызылмақ.

Былтыр желтоқсан айында Аустралия 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салған алғашқы ел атанды. Ұлыбритания мен Франция осындай шектеулер енгізу мүмкіндігі қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу