Испания полицейлері шамамен 4 тонна кокаин тиелген кемені қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ онда отырған 7 адамның барлығы да қамауға алынған. Қаскөйлер есірткіні кеменің ас әзірлейтін бөлмесінің астындағы кабинаға жасырып қойыпты. Арнайы операция Канар аралдарынан 900 шақырым жерде жүргізілген. Қаскөйлердің кокаинды Колумбиядан Испанияға жеткізбек ойлары болған екен. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу