Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 50-ге жуық адам қаза тапты

290

Қаза тапқандардың саны әлі де көбеюі мүмкін деген қауіп бар.

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 50-ге жуық адам қаза тапты Фото: Bild

Испанияның Толедо провинциясындағы Лос-Йебенес пен Урда елді мекендері арасында жылдам жүретін екі пойыз соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Bild басылымының мәліметінше, апаттан қазірдің өзінде қаза тапқандар саны 46 адамға жеткен. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін деген қауіп бар.

ADIF теміржол операторының дерегіне сүйенсек, екі пойыз соқтығысар алдын Андалусияға қарай кетіп бара жатқан болуы мүмкін. Екі пойыз да рельстен шығып, еңіске қарай құлаған.

Пойыздардың бірі мемлекеттік Renfe компаниясына, ал екіншісі Iryo жекеменшік операторына тиесілі. Билік осы оқиғадан соң Мадрид пен Андалусия арасында жылдам жүретін пойыздарды тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу