Испанияда еңбек мигранттарына арналған ең ірі лагерьлердің бірі өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Нихар қаласының маңындағы ауылшаруашылық аймағында орналасқан лагерьден 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Оларға Қызыл крест қызметкерлері уақытша баспана берді.
Өрттің қалай басталғаны белгісіз, бірақ дәл осы күні Нихара қалалық кеңесі лагерьді бұзуға шешім қабылдады. Себебі бұған дейін сот барлық ғимараттарды заңсыз деп таныған.
Онда адамдар 15 жыл өмір сүріп жатқанына қарамастан, испан шенеуніктері негізінен Оңтүстік Африка республикаларының өкілдерінен тұратын мигранттарды көшіруге асығар емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу