Испанияда криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды

830

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатарында Молдова, Украина, Ресей, Қазақстан азаматтары бар. 

Испанияда криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды Фото: shutterstock

Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолн кесті, оларға криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу