Испанияда мерзімінен бұрынғы жалпы сайлау қайтадан өткізіледі

825

Саяси дода соңғы төрт жылда төртінші мәрте ұйымдастырылайын деп отыр. Бұл туралы ел премьер-министрінің міндетін атқарушысы Педро Санчес Филип VI корольмен кездесу өткізгеннен кейін жариялады. 

Испанияда мерзімінен бұрынғы жалпы сайлау қайтадан өткізіледі

Педро Санчес: "Қазіргі жағдайда үкімет құруға еш мүмкіндік жоқ, сондықтан біз 10 қарашада сайлау өткізуіміз керек. "Подемос" партиясы консервативті оппозициямен бірлесе прогрессивті үкімет құруымызға төртінші мәрте кедергі келтіріп отыр. Екі рет 2016 жылы және тағы да екі мәрте 2019 жылы бізге мүмкіндік бермеді", – деді.

Айта кетейік, сәуір айында Педро Санчес сайлауда жеңіске жеткенімен, партиялардың келісімін алмағандықтан үкіметті құруға рұқсат беретін мандатқа қол жеткізе алмай келеді.

Ал "Подемос" партиясының көшбасшысы Пабло Иглесиас болса: "Прогрессивті үкіметті құру барысында 7 миллион адам сайлаған Социалистік партияға басымдық беріледі деген барып тұрған әділетсіздік. Бізге де дауыс берген 4 миллион адамның мүддесі ескерілуі тиіс. Біздің ұстанымымыз осындай", – деп басып айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу