Испанияда найзағай түсіп, 40 үй өртеніп кетті

943

Автомобиль тұрағында өрт болып, салдарынан 40-қа жуық жылжымалы үй жанып кетті.

Испанияда найзағай түсіп, 40 үй өртеніп кетті

Испанияның Вентальо деп аталатын елдімекеніндегі автомобиль тұрағында өрт болып, салдарынан 40-қа жуық жылжымалы үй жанып кетті. Бұл туралы El Periodico басылымы хабарлады.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. 

Ресми дерекке сүйенсек, қызыл жалын 1500 шаршы метр жерді шарпыған. 

Айта кетейік, соңғы күндері аймақта жауын-шашын көп түсті. Әсіресе, толассыз жауыннан Каталония зардап шегіп отыр. Бірқатар қала су астында қалып, көлік қозғалысы тоқтап қалған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу