Испанияда Пикассоның картинасы жоғалып кетті

141

Өнер туындысы CajaGranada қорының "Натюрморт. La eternidad de lo inerte" атты көрмесінде көпшілікке ұсынылуы тиіс болған.

Испанияда Пикассоның картинасы жоғалып кетті Фото: Euronews

Испанияда әйгілі суретші Пабло Пикассоның "Гитарамен натюрморт" атты туындысы жоғалып кетті. 1921 жылы гуашьпен салынған бұл картина Мадридтен Гранадаға жеткізіліп жатқан жолда із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрме 8 қазанда ашылуы керек еді. Алайда көлемі небәрі 12,7 х 9 сантиметр болатын шағын картина діттеген жеріне жетпей қалған.

Полиция мәліметінше, картинаны өнер туындыларын тасымалдауға маманданған жеке компания Мадридтегі Пио XII үйінен алған. 25 қыркүйекте ол басқа картиналармен бірге қоймаға жеткізілген. Кейін оларды 3 қазан күні таңғы 10:00-де Гранада мәдени орталығына апару жоспарланған.

Алайда туындылар Дейфонтес қалашығында болған түні жоғалғаны анықталған. Ұлттық полицияның тарихи мұра бригадасы 10 қазанда қор ұсынған шағым негізінде тергеуді бастап кетті.

Қазірге дейін ешкім ұсталған жоқ, ал Пикассоның туындысы қайда екені белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу