Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 217-ге жетті

155

Испания билігі жойқын су тасқынынан кейін іздеу операциясы жалғасып жатқан Валенсия аймағына қосымша көмек жіберді. 

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 217-ге жетті Фото: © AP Photo / Manu Fernandez

Су тасқынынан қаза тапқандар саны 217-ге жетті, ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құтқарушыларға жоғалған адамдарды іздеуге және Валенсия аймағындағы жерасты автотұрақтарындағы су мен балшықты соруға көмектесу үшін Мадрид пен Испанияның басқа аймақтарынан төрт мыңға жуық сарбаз келді.

"Кейбіреулер адамдардың кіріп, кейін қайтып келмейтінін көрді. Қазір біз біраз нәрсені білмейміз. Ішінде не бар екенін көрмейінше, онда нақты не болғанын айту мүмкін емес", – дейді іздеу-құтқару операциясына қатысып жатқан Мадрид өрт сөндірушісі Хосе Мария Гонсалес.

Күні кеше тағы үш құрбанның денесі табылды. Адамдардың көпшілігі Валенсияның шығыс бөлігінде қаза тапты, куәгерлердің айтуынша, ондағы су тасқыны цунамиге ұқсас болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу