Испанияда су тасқынынан жолдар шайылып, көлік қатынасы тежелді. Күн райының қолайсыздығынан елдің Сарагоса қаласында пойыздар тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар қызметі рельстерді су басып, 500 жолаушысы бар бір теміржол көлігі жолда тұрып қалғанын мәлімдеді. Өңірде қауіптің “қызғылт сары” деңгейі жарияланды. Полиция тұрғындарға алыс жолға шықпауға, су басқан аудандарға бармауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу