Испанияда су тасқынының салдарынан қаза болғандар саны 158-ге жетті

130

Елде үш күндік аза тұту басталды. 

 Испанияда су тасқынының салдарынан қаза болғандар саны 158-ге жетті Фото: radiokp.ru

Су тасқынынан Валенсия қатты зардап шекті, онда 155 адам қаза тапты, Кастилия-Ла-Манчада екі адам және Малага провинциясында бір адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азаматтық гвардия Валенсия провинциясының зардап шеккен аудандарында 3400 құтқару операциясын жүргізді, шамамен 300 адамға әлі де қауіп төніп тұр, ал із-түзсіз жоғалған адамдардың саны белгісіз.

Төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалап жатыр. Испаниялықтар су тасқынына жергілікті билікті кінәлап жатыр.

Мемлекеттік метеорологиялық агенттік әртүрлі аймақтарда дабыл деңгейін "қызылдан" "қызғылт сарыға" немесе "сарыға" түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу