Испанияда тағы да сепаратистерге рақымшылық жасауға қарсы наразылық шеруі өтті

340

Мадридтегі наразылық шерулерінің алдында партия өкілдері мен премьер-министр міндетін атқарушы Педро Санчестің Женевада Каталонияның тәуелсіздігін жақтаушылармен кездесуі өткізілді. 

Испанияда тағы да сепаратистерге рақымшылық жасауға қарсы наразылық шеруі өтті Фото: reuters.com

3 желтоқсан күні мыңдаған адам Испания премьер-министрінің міндетін атқарушы Педро Санчестің тәуелсіздікке ұмтылған каталондықтарға кешірім жасау жоспарына наразылық білдіру үшін тағы да көшелерге шығуға мәжбүр болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты DW телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Биліктің мәлімдеуі бойынша, шеруге 8 мың адам қатысқан. Ал ұйымдастырушылар саны 15 000 болды.

"Бұл бассыздықты дереу тоқтату қажет", - деді оппозициялық консервативті Халық партиясының жетекшісі Альберто Нуньес Фейхоо.

Сонымен қатар, консервативті саясаткер Санчестің партиясын Пучдемонның шетелдегі жақтастарымен байланысын үзуге шақырды.

Шерушілер митингке "Санчес түрмеге қамалсын!" және "Санчес Отанын сатқыш" деген ұрандар жазылған плакаттармен шықты.

Сондай-ақ, бір күн бұрын, 2 желтоқсанда Каталония тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген Карлес Пучдемон партиясының мүшелері Женевада Санчес бастаған Испания Социалистік жұмысшы партиясының өкілдерімен кеңесу үшін кездескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу