Испанияның Жерорта теңізі жағалауы аймақтарында жаңбыр селдетіп, су тасқыны жүрді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Толассыз жаңбырдан көп қаланы су басып жатыр. Табиғат апатынан, әсіресе, Кастелонье, Беникасим және Кабанес қалалары зардап шекккен. Кей аудандардан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір тасқынның салдарымен күрес жүріп жатыр. Дегенмен кей тұрғындар жаңбырдың жауғанына қуанышты. Себебі, Испанияда былтырдан бері қуаңшылық жалғасып, ауыл шаруашылығына зор шығын келтірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу