Испанияда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

835

Испанияда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Алдын ала мәлімет бойынша, Барселонада болған қайғылы оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, анықтау жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыс ұстауда. Еске салайын, Барселонадағы туристер көп баратын Пласа-де-Каталунья алаңында жүк көлігі адамдарды қасақана басып өтті. Салдарынан 13 адам мерт болып, тағы 100-ге жуық азамат дене жарақатын алған. Олардың ішінде Испаниядан өзге 25 мемлекеттің азаматы бары айтылуда. Қанды қырғынға қатысы бір күдіктіні қамауға алынған. Ал, лаңкестік шабуылды "Даиш" ұйымы өз мойынына алды. Испания билігі қайғылы жағдайға байланысты 3 тәулікке қаралы күн жариялады.

Мариано Рахой, Испания премьер-министрі:

"Зардап шеккендердің жақындары мен туыстары қазір біз үшін басты мәселе. Барселоналықтар тартқан зардапты қазір Мадрид, Париж, Брюссель, Ницца, Лондондықтар да сезініп отыр. Біз сонымен қатар бірліктің, полиция операцияларының, халықаралық қолдау мен өркениеттің құндылықтарын табанды қорғау ниетінің арқасында террроризмді жеңуге болатынын білеміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу