Биыл әдеттегідей Испания халқы асыға күтетін жаңа жылдық лотерея — Эль-Гордо ойнатылды, оның атауы испан тілінен аударғанда "Томпақ" деген мағынаны білдіреді, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.
200 жылдан астам уақыт бойы ойнатылып келген ұтыс ойынына биыл 2,5 миллиард еуро тігілді.
Дәстүр бойынша іс-шара Мадридтегі Корольдік театр залында өткізіліп, жергілікті арналардың тікелей эфирінде көрсетілді.
Биыл ұтыстың бақытты комбинациясы 5490 болды, яғни 4 миллион еуро бас жүлдені жеңіп алды. Барлық лотерея билеттері 10 бөлікке бөлінеді, бақытты нөмір иелері шамамен 400 мың еуродан ала алады.
10 бөлікке бөлінген 1,25 миллион еуроны құрайтын екінші жүлдені 4074 нөмірлі билет иелері алады. Испандық Эль-Гордо жаңа жылдық лотереясы жыл сайын 22 желтоқсанда өтеді және 4 сағаттан астам уақытқа созылады.