Испаниядағы түнгі клубта өрт кезінде кем дегенде 13 адам қайтыс болды

402

Өрт кейінірек келесі екі ойын-сауық орнына тарады. 

Испаниядағы түнгі клубта өрт кезінде кем дегенде 13 адам қайтыс болды Фото: twitter.com/112rmurcia

Полицияның мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы Мурсия қаласындағы La Fonda клубында болған, 14 адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз. Полицейлер айтуынша, өрттен қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

От алғаш дәл осы La Fonda клубында тұтанды. Өртке не себеп болғаны әлі анықталмады. Мурсия мэрі Хосе Баллеста бұған дейін журналистерге клубтың бірінші қабатында өрт шыққанын айтқан болатын.

Ұлттық полицияның қызметкері Диего Серал клубтың төбесі құлағанын айтып, үйінді астынан құрбандарды табу және не болғанын анықтау қиындағанын хабарлады.

Төрт адам түтіннен уланып, қазір ауруханада емделіп жатыр. Қала әкімі үш күндік аза тұту күнін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу