Испанияға Грекиядан 200-ге тарта мигрант жеткізілді. Дені – сириялықтар. Мадрид Еуроодақ квоталары бойынша, биыл осымен 900 босқынды қабылдаған, деп хабарлады 24Хабар.
Тараптар арасындағы келісімге сай келер жылдың күзіне дейін Испания билігі Италия, Грекия, Түркия мен Ливандағы 16 мың азаматты өз аумағына жайғастыруға тиіс.
Айта кеткен жөн, биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 358 мыңнан астам мигрант келіпті. Солардың көпшілігі Италия мен Грекия шекарасы арқылы асқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу