Renfe темір жол компаниясы алдағы айларда өзінің пойыздарындағы барлық құрамдарда сымсыз Wi-Fi-ға қосылуды кеңейтпекші, деп хабарлайды Euromag.ru.
Сервис былтыр желтоқсан айында Мадрид-Севилья бағдарында іске қосылды. Тасымалдаушы жолаушыларға базалық және премиум пакеттін ұсынып отыр. Премиум пакетінде ойын-сауықтық және ақпараттық ақпарат, оның ішінде тікелей эфирде телеарналық хабар таратылады.
Қызметтің құны 2-4 еуро аралығында. Сонымен қатар +Renfe бағдарламасының мүшелері мен Preferente санатының жолаушылары базалық нұсқаны тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Noticia.ru.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу