Испанияның солтүстігіне қалың қар жауды

366

Бірнеше маңызды ұлттық магистраль толығымен немесе ішінара жабылды.

Испанияның солтүстігіне қалың қар жауды Фото: bangkokbook.ru

Испанияда Хуан дауылы кезінде қалың қар салдарынан жолда тұрып қалған 600-ге жуық жүргізушіге әскер бөлімшелері көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, жұма күні жүргізушілер Испанияның солтүстігіндегі Сория мен Агреда қалалары арасындағы жолда бірнеше сағат бойы тұрып қалған.

Салдарынан билік көлік жүргізушілеріне кептелістен шығуға көмектесу үшін Сарагоса базасынан әскер жібергенін мәлімдеді.

Фото: bangkokbook.ru

Азаматтық қорғаныс күштерінің өкілі Мигель Анхельдің айтуынша, Испанияның шығысындағы Арагонда қар жауып, Сарагоса әуежайы жабылып қалған.

Фото: bangkokbook.ru

Испаниядан бөлек ауа-райының қолайсыздығынан Австрия, Хорватия және Словения да зардап шекті.

Фото: bangkokbook.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу