Істен шыққан көлік құралдарын өңдеуге қабылдау қайта жалғасады

1130

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап істен шыққан көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы қайта жанданады. Бұл туралы ӨКМ Операторы баспасөз қызметі хабарлады.

Істен шыққан көлік құралдарын өңдеуге қабылдау қайта жалғасады

"11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмысын бастайды. Ал 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмыс істейді. 1 ақпаннан бастап Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеті өз жұмысын жалғастыратын болады",– деп жазылған хабарламада.

Хабарламаға сүйенсек, биыл АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты толық жиынтықтағы ескі көлікті тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы ұлғаяды:

 – М1 санаты -210 024 тг;

– М2,N1, N2 санаты - 420 048 тг;

– м3, N3 санаты– 630 072 тг.

Көлік қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары recycle.kz сайтында көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу