Істері сотта қаралып жатыр

565

Істері сотта қаралып жатыр

Қала әкімі Әсет Исекешевтің құрылыс саласының сапасын тексеру бойынша берген тапсырмасына сәйкес бес жүзге жуық  ПИК-тің жұмысы тексерілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осыған дейін ең көп шағым түскен 41 ПИК-тің жұмысын тексеріліп, нашар қызмет көрсететіндерге ескерту жасалған.

Ескертпелерді жоюына байланысты ескерту жасалған 10 компанияға ай басында қайтадан тексеріс жүргізілген. Олардың ішінде 7 қызмет көрсететін компания кемшіліктерді жойған. Олар "УК Коммунальник 2" ЖШС, ( Сейфуллин көш 10,14/3), "Коктем" ТК (Абай 21 даңғ), "Уют-2" ПИК (Московская көш 20), "Целинный железнодорожник" ПИК ( Желтоқсан көш 49), "Батыр КСВ" ЖШС (Бөгенбай батыра даңғ 30), "Микрорайон "Самал" ЖШС (Самал 3 шағын ауданы). 

Ал алдында айтылған ескертпелерді жоймағаны үшін "Адал" ПИК (Республика даңғ. 29), "Тұрмыс" ЖШС (187 көш, 18 үй) істері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта қаралып жатыр. Ескертпені орындамағаны үшін "ОЗП "Сайран" ТК" (Кубрин көш. 20/1) айыппұл салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу