Істі болған әнші Qarakesek сот үкімін орындай бастады

155

Омар Амантаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындады.

Істі болған әнші Qarakesek сот үкімін орындай бастады Фото: instagram.com/qarakesek_west

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі Омар Амантаевты көше тазалығына жауапты мердігерге тапсырды. Қазіргі кезде ол жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі Алматы ауданы әкімдігіне түсті. Аудан әкімдігі саябақ, көше, аялдама тазалығына жауапты Damu Life ЖШС-не жіберді.

Damu Life басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев Наурыз мейрамдарынан кейін жұмысқа кіріскен.

– Маған бағыттағаны рас. Көше тазалаушы болып жұмыс істеп жатыр. Белгіленген 100 сағатта да бізде жұмыс істейді. Бірақ мен өз жұмысшыларым туралы басқа ақпарат бере алмайды. Біздің компания Ақтөбе қаласының Заречный тұрғын алабына жауапты. Мұнда аялдамаларды, жаяу жүргіншілер жолын, саябақтарды тазалау жұмысын жүргіземіз, – деді Жандос Ерекешов.

Еске салсақ, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу