Польшаның Гданськ қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында ISU Гран-при кезеңі мәресіне жетті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпай еншіледі. Бұл көрсеткіш отандасымызға жалпы жарыс кестесінде екінші бағаннан көрінуге мүмкінді берді.
Ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) ISU Junior Grand Prix кезеңі саналған Baltic Cup 2021 додасының жеңімпазы болды. Ал оның командасы Егор Рухин (202.28) үздік үштікті қорытындылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу