ISU конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша бірқатар жарысты кейінге шегерді

592

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды.

ISU конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша бірқатар жарысты кейінге шегерді

Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) ресми сайтында конькимен жүгіру мен шорт-тректен 2021 жылғы Еуропа чемпионаты бұрын жоспарланғаннан бір апта кешіктірілетіні жарияланды, деп хабарлайды Olympic.kz.

16-17 қаңтарда Хиренвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру бойынша Еуропа чемпионаты, 22-24 қаңтарда Гданьскіде (Польша) шорт-тректен Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл турнирлерді Рождество кезеңінен алшақтату – ұйымдастырушылар мен қатысушыларға дайындықты жеңілдететіні атап өтілді.

Сондай-ақ ISU Нидерландыда коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған жылдамдықты коньки спортынан әлем кубогының шараларын өткізуге балама ретінде хаб тұжырымдамасын ұйымдастырудың мүмкіншілігін әзірлеу және бағалау бойынша жұмыс тобын тағайындады.

ISU Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатын және Коллалбода (Италия) өтетін конькимен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының өтпейтінін мәлімдеді. ISU аясындағы қалған жарыстар жоспарға сәйкес өтуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу