IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады

1259

Келесі оқу жылынан бастап оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады

Министрлікке ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне "Информатика" пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түскен. Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика"комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдаған.

"2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін "Математика+Информатика" комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады", – деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу