IT бастамаларға 130 млн доллар инвестиция тартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов айтты. 

IT бастамаларға 130 млн доллар инвестиция тартылды Фото: inbusiness.kz

"Елімізде IT-қызметі экспортын дамыту жолға қойылмақ. Әлемде кез келген мемлекеттің экономикалық табыстылығы оның нарықтағы бəсекеге қабілеттілігімен сипатталады. Бұны дəлелдейтін негізгі көрсеткіш — IT экспорттың көлемі. Осыған байланысты, Ұлттық жобада арнайы көрсеткіштер негізгі мақсат ретінде белгіленген. Соның ішінде – 2025 жылға дейін IT экспортын 500 млн долларға жеткізу. 2022 жылы Astana Hub резиденттерінің цифрлық шешімдерінің экспорты 165 млн долларды құрады. Сонымен қатар 130 млн доллар көлемінде стартаптарға инвестиция тартылды. Яғни, оң динамика байқалады", - деді IT-саласын дамыту департаментінің директоры.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу