IT-компаниялар инновациялық технологиялар паркінің аумағына көшуден бас тартып отыр

992

IT-компаниялар инновациялық технологиялар паркінің аумағына көшуден бас тартып отыр

IT-компаниялар инновациялық технологиялар паркінің аумағына көшуден бас тартып отыр, деп хабарлайды abctv.kz.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, IT-компанияларды бір жерге шоғырландыру үшін қазына қаржысынан 13 миллиард теңге жұмсалып, Алматыдан 20 шақырым жердегі Алатау ауылында 5 қабатты ғимарат салынған. Жобаның басы-қасында жүргендер Қазақстандағы IT-компаниялардың 60% Алматыда жұмыс істейтінін назарға алып, олардың барлығы ұтымды ұсынысты қолдайды деп үміттенген. Бірақ іс жүзінде бұлай болмаған. IT-компаниялар түрлі жеңілдіктерге қарамастан, қаланың сыртына көшіп бармаған. Қазір 5 қабатты ғимарат қаңырап бос тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу