IT қызметтерді экспорттаудан 500 млн доллар пайда түскен

410

Бүгін Цифрлық даму министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті.  

IT қызметтерді экспорттаудан 500 млн доллар пайда түскен Фото: gov.kz

Министр Бағдат Мусин өткен жылғы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн режимінде қолжетімді, ал олардың басым бөлігі, яғни 85%-ы ұялы телефоннан қолжетімді.

2023 жылы елімізде бірқатар жаңа цифрлық қызметтер іске қосылды, мысалы: ипотеканы рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату, VIP нөмірлерді брондау, автокөліктерді заңдастыру және цифрлық нотариат. Сондай-ақ, бүгінде 51 қызмет жиі қолданылатын коммерциялық банктерде қолжетімді.

"Цифрлық сервистерді пайдаланудың өсу динамикасы біз таңдаған модельдің, атап айтқанда адамға бағытталған тәсілдің дұрыстығын растайды. Цифрландырудың да экономикалық әсері бар. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша қызықты факт: ХҚКО мен ІІМ ақпараттық жүйелерінің үздіксіз интеграциясынан кейін алымдар сомасы іс жүзінде 9 есе өсті", - деді министр Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрлігі жұмысының тағы бір маңызды бағыты – IT-қызметтерді экспорттау.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтердің экспорты жоспарлы 500$ млн жетеді. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді, жалақы, салықтар төленеді. Өткен жылдың 9 айында IT-қызметтердің көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсіп, 734 млрд теңгені құрады.

2023 жылы 169 ауыл телекоммуникация саласы бойынша 4G стандартына ауыстырылды, 80 мыңнан астам үй шаруашылығы оптикалық байланыс желілеріне қосылды, 20 қалада 5G стандарты үшін 740 БС орнатылды. Өткен жылы 782 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3,3 млрд теңге сомасына айыппұл салынды. Айыппұл сомасының өсуі нұсқамалардың орындалуына әсер етті. Мәселен, егер 2022 жылы ұйғарымдардың тек 30%-ы ғана орындалса, 2023 жылы олардың орындалуы 65 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу