IT-лицейлерде 55 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр

781

Елімізде соңғы 2 жылда мамандандырылған 39 IT-лицей ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда IT-лицейлерде 55 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр.

IT-лицейлерде 55 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр

Мамандандырылған мектептер жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен және заманауи IT құралдармен жабдықталған. Мұнда оқушылар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны терең зерттеуге бағытталған арнайы білім беру бағдарламасы қолданылады. 

IT-лицейлерде 7-11 сынып оқушылар бағдарламалау дағдылары, 3D дизайн, робототехника бағыттары бойынша білім алады. 

Ерекше атап көрсетерлігі, IT-лицейдің шәкірттері Халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Мысалы Көкшетау қаласындағы IT-лицейдің оқушысы Асылхан Қошанов Caspian Start-UP – 2021 Халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті. 

Байқауға Каспий маңы елдерінен 90-ға жуық оқушысы мен колледж студенттері қатысты. Жас дарын иелері инновациялық технологиялар саласындағы авторлық жобаларын қорғады. 

"Бірінші цифрлы технологияны зерттейміз. Мен халықаралық жарыста авторлық жобамды таныстырдым. Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Мемлекеттік білім беру гранты иеленгенім үшін қуаныштымын", – дейді Халықаралық жарыстың жеңімпазы Асылхан Қошанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу