Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев IT-мамандардың жалақысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсуін жалғастырды.
"IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 16%-ға өсті. Осы кезеңде IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті. Ол 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Осылайша салада еңбек ететіндер саны 187 мың адамға жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу