IT мамандарға беріліп жатқан білімнің қажетсіз тұсы көп – Әділ Нұрғожин

826

Диплом түлектердің білімі мен білігінің нақты көрсеткіші емес. 

IT мамандарға беріліп жатқан білімнің қажетсіз тұсы көп – Әділ  Нұрғожин

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры Әділ Нұрғожиннің жоғары оқу орнын тәмамдап келген түлектерге көңілі толмайды. 

Оның айтуынша, жас мамандардың білімі заман талабына сай емес. Осыдан-ақ университеттердегі білім сапасының көрсеткіші қандай екенін білуге болады.

"Біз мамандардың дипломына емес, қолынан қандай іс келетініне қараймыз. Себебі диплом түлектердің білімі мен білігінің нақты көрсеткіші емес. Жұмысқа қабылданған жас мамандарды 1-2 жыл ерекше бақылауда ұстаймыз. Олардың шеберлігін шыңдауға күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қарапайым тілмен айтқанда, қайта оқытамыз. Өйткені жоғары оқу орнында алған білімдері өндіріс талабына сай емес. Әсіресе IT мамандығына байланысты беріліп жатқан білімнің қажетсіз тұсы көп. Қазіргі IT-мамандардың алып жатқан білімі жұмысқа келгенде мамандыққа түк қатысы жоқ болып қалады. 4 жыл бойы университетте алған білімі нарық сұранысын өтемейді. Мәселені шешу үшін техникалық мамандық бойынша білім беріп жатқан университеттердің бағдарламаларының өзектілігін бақылау алу қажет", – деді Әділ Нұрғожин.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу