Елімізде IT саласының қызметіне жүгінетіндер саны 3 есе өскен, деп хабарлайды Atameken Business.
Жыл басынан бері IT мамандардың көрсеткен қызмет құны 46,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 38 пайызға көп.
Технология саласының ең жиі қолданылатын қызметі – компьютерлік бағдарламаларды орнату. Ондағы тек компьютерлік қызметке жүгінген шағын кәсіпорындардың үлесі 32,1 млрде теңгені құрады, 4,2 млрд теңге жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
Ал ауылшаруашылығының үлесі керісінше төмендеп кеткен. Мысалы былтыр жалпы көрсеткіштің 2 пайызын құраса, биыл небәрі – 0,3%. Сондай-ақ, ақпараттық технология мамандарының жалақысы артқан. Орта есеппен айти қызметкерлер 342 800 теңге алады екен.