IT саласындағы қызмет көлемі өсіп келеді

486

Сектордағы барлық қызметтің 90%-ы Астана мен Алматының еншісінде.

IT саласындағы қызмет көлемі өсіп келеді Фото: IT.Alp

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша компьютерлік бағдарламалау саласында көрсетілген қызметтер, сонымен қатар экономиканың бақыланбайтын секторын ескере отырып, сектордағы консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі 476,8 млрд теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда ақшалай мәнде 56,4%-ға артық. Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда, саладағы қызметтер көлемі 473,1 млрд теңгені құрап отыр.

Республика бойынша сектордағы барлық қызметтің 90,4%-ы Алматы мен Астанаға тиесілі. Алматыда бұл көрсеткіш 215,4 млрд теңге болса,  елордада 212,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.

Үштік қатарында Батыс Қазақстан облысы орналасты: 7,1 млрд теңге.

Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстарында тіркелді.

Сектордағы қызметтер құрылымында ең үлкен көлем бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге жұмсалды: 278,8 млрд теңге, жылдық өсім – 2,2 есе.

Сұранысқа ие қызметтер қатарында бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша қызметтер (34,2 млрд тг), мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту аясында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет (29,2 млрд тг) енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу