Елордада IT технологияларды қолдануды үйрететін алғашқы 300 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Яғни бүлдіршіндер жаңа құрылғылар мен робот жасауды 4-5 жастан бастап игереді. Аталмыш мекеме американдық STEM білім бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесе жұмыс істейді.
Елімізде алғаш ашылып отырған бұл балабақша басқа мектепке дейінгі мекемелермен өз тәжірбиесімен бөлісіп, республика бойынша тәрбиешілерді оқытумен де айналысатын болады. Сондай-ақ, республикамыздағы тәрбиеші-оқытушылар Оңтүстік Кореяға барып, білім алуға мүмкіндік алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу