Ит төбелестіруге тыйым салынады

755

Мәжілістің жалпы отырысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ит төбелестіруге тыйым салынады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің баяндауынша, заң жобасы азаматтардың жануарларға мейіріммен қарау қағидасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 

"Заң жобасында жнуарларға қатыгездік танытпаудың құқықтық механизмі бекітілді", – деді министр. 

Оның айтуынша, заңда жануарларды асыруға, тасымалдауға, өсіруге және оларға ветеринарлық қызмет көрсетуге қойылатын талап  нақтыланған. Сонымен қатар құжатта жануарларды жансыздандыру ережесі айқындалған.

"Жекелеген санаттағы жануарларға қарау, оларды асырау талабы да осы құжатта қарастырылды", – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасы арқылы ит төбелестіруге, анестезиясыз ветеринариялық операция жүргізуге, жануарларды өлтіруге, оларға дер кезінде көмек көрсетпеуге, сонымен қатар қатыгездікпен аулауға тыйым салынады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу