Италия 2024 жылға қарай Ресей газынан толығымен бас тартады

1230

Бұған дейін ресейлік "Газпром" Германияға"Северный поток-" газ құбыры арқылы газ жеткізуін қысқартқан болатын.

Италия 2024 жылға қарай Ресей газынан толығымен бас тартады

Италия 2024 жылға қарай ресейлік газдан толығымен бас тартады. Бұл туралы экология министрі Роберто Чинголани мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мақсат – 2022-2023 жылы әртараптандыру, қойма алаңдарын толықтыру және энергия үнемдеу жоспары арқылы қыстан шығу болып табылады", – деді министр.

"Газ тұтынуды 15 пайызға қысқарту туралы жаңа еуропалық регламентке сәйкес, экономикалық бағдарламалардың 100% есепке алынады. Италия бір жылда 4 миллиард текше метр үнемдеуі тиіс", - деді Чинголани.

Бұған дейін ресейлік "Газпром" Германияға"Северный поток-" газ құбыры арқылы газ жеткізуін қысқартты. ЕО газ тұтынуды 2022 жылдың 1 тамызынан 2023 жылдың наурыз айының соңына дейін 15%-ға төмендету туралы шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: ua.depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу