Италия 5,5 миллиард долларға мұнай сатып алды

763

Италия 5,5 миллиард долларға мұнай сатып алды

2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанның  мұнай экспорты $16,7 млрд (43,9 млн тонна) болды, деп хабарлайды  LS.
Аталған көрсеткіш өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 37,5% өсті.

Статистика комитетінің мәліметінше, сегіз айда 27,2 млн тонна шикізат сатылған.

Қазақстан мұнайын ең көп сатып алған ел Италия болып отыр ($5,5 млрд-қа мұнай сатып алды). Бұл елге мұнай жеткізу өткен жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 28% ұлғайды.

Ал Голландия $2,5 млрд-қа, Швейцария $1,6 млрд-қа, ал Франция $1,7 млрд-қа мұнай сатып алды.

Испанияға $817,7 млн, Грекияға $577,6 млн, Румынияға $566 млн, Қытайға $523,3 млн, Португалияға $374 млн-ның мұнайы тасымалданған.

Сонымен қатар Хорватия, Корея, Үндістан мен басқа да елдерге мұнай жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу