Италия Албанияда заңсыз мигранттарды қабылдау орталықтарын салады

330

Бұл ЕО-ға мүше ел мен ЕО-ға кірмейтін мемлекет арасындағы алғашқы келісім.

Италия Албанияда заңсыз мигранттарды қабылдау орталықтарын салады Фото: AFP

Италия Албанияда мыңдаған заңсыз мигранттарды орналастыру үшін екі орталық салады. Бұл туралы Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Римде Албания премьер-министрі Эди Рамамен өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мелонидің айтуынша, құрылысын Италия қаржыландыратын орталықтар Шенджин портында және Албанияның солтүстік-батысындағы Гьядер ауданында салынады. Ал мигранттардың қауіпсіздігін Албания қамтамасыз етеді.

Орталықтар 2024 жылы ашылған кезде ай сайын 3000 адамға дейін қабылдайды. Сондай-ақ, Италия үкіметі жыл сайын 36000 мигрантты өңдеу қабілетін арттыруға үміттенеді.

Мигранттар ол жерде баспана туралы өтініштері өңделгенше және қажет болған жағдайда репатриация жасалғанша тұра алады.

Сонымен қатар, Мелони жоспар жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балаларға және осал топтағы адамдарға қолданылмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу