Римде қала орталығында көлік қозғалысына жылдамдық шектеуі енгізіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.
Муниципалитеттің 14 қаңтарда ресми жариялаған шешіміне сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында орталықтағы шектеулі қозғалыс аймақтарында (ZTL) және 1000 көшеде жаңа шектеу қолданылады.
Осыған байланысты жол қозғалысына жауапты Рим қалалық полициясы патрульдеуді және бақылауды күшейтті.
Қалалық кеңестің көлікке жауапты мүшесі Эудженио Патане мәлімдемесінде олардың басты міндеті – жол-көлік оқиғалары мен соған байланысты шығындарды азайту.
Патане атап өткендей, ережелердің сақталуын бақылау үшін қаланың басты көшесі – Кристофор Колумб көшесіне жаңа жылдамдық өлшегіш камералар орнатылады. Сонымен қатар, бүкіл қала бойынша қауіпсіздігі күшейтілген 175 жаңа жаяу жүргіншілер өткелі салынады.
Екі жыл бұрын елдің солтүстігіндегі Болонья қаласы орталық үкіметтің теріс пікіріне қарамастан осындай жылдамдық шектеуін енгізген болатын.