Италия "Бір белдеу - бір жолға" жобасынан шықпақшы

355

Италия 2019 жылдан бері аталмыш бағдарламаның мүшесі болғанымен, әлі күнге дейін Қытайдың негізгі сауда серіктесіне айналмады.

Италия "Бір белдеу - бір жолға" жобасынан шықпақшы Фото: silkroadnews

Италия Қорғаныс министрлігінің басшысы Гуидо Крозетто Corriere della Sera-ға берген сұхбатында Италия Қытаймен қарым-қатынасты бұзбай, "Бір белдеу, бір жол" бастамасынан шығуы керектігін мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Крозетто жобаға қосылуды Италияның бұрынғы премьер-министрі Джузеппе Конти Үкіметінің "асығыс әрі қате" шешімі деп, оның теріс нәтижеге әкелгенін атап өтті. Рим бұл бастамаға 2019 жылы қосылды.

"Қытай бәсекелес, бірақ ол сонымен бірге серіктес. Біз одан (жобадан) арадағы қарым-қатынасты ушықтырмай шығуымыз керек. Бұл жаңа үкіметтің мойнына жүк болып отырған алдыңғы үкіметтің мұраға қалдырған шешілмеген мәселелері", - деді итальяндық министр Бейжің әлемде "барған сайын талапшыл ұстанымды" күшейткенін атап өтіп. 

Бұған дейін Италия премьер-министрі Джордж Мелони қытайлық жобаға қосылуды "үлкен қателік" деп атады. Ол Италия G7-дің "Бір белдеу - бір жолға" қосылған жалғыз ел болғанына қарамастан, Рим Пекиннің ең ірі сауда серіктесіне айналмағанын баса айтты.

Италия келесі жылдың басында аяқталатын "Бір белдеу, бір жол" бастамасы бойынша Қытаймен келісімді ұзартпауы мүмкін, деп бұрын үкіметтің жоғары лауазымды шенеунігі Reuters агенттігіне айтқан болатын. Ол Римге бұл мәселені Бейжіңмен талқылауға уақыт қажет екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу