Италия COVID сертификаты міндеттелген Еуропадағы алғашқы ел болды

652

Green Pass 15 қазаннан бастап талап етіледі.

Италия COVID сертификаты міндеттелген Еуропадағы алғашқы ел болды Фото: reuters.com

Италия жеке компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың барлық қызметкерлерін Green Pass  сертификатын (пандемия кезінде Еуропалық Одақ қабылдаған денсаулық жөніндегі сертификат) алуға міндеттейтін Еуропадағы алғашқы ел болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Agenda Digitale порталына сілтеме жасап.  

Green Pass 15 қазаннан бастап талап етіледі. Азаматтар вакцинацияланғанын немесе ПТР тест тапсырғанын растауы керек. Егер қызметкерлер Green Pass алудан бас тартса, онда олар жұмыстан уақытша шеттетіледі, жалақы алуын да тоқтатады.  
Компаниялар өз қызметкерлерін жұмыстан шығармайды, тек шеттетеді. Егер қызметкер жұмысқа сертификатсыз келсе, оған 1500 еуро, ал жұмыс берушісіне 1000 еуро көлемінде айыппұл салынады. Вакцинаның бірінші дозасын алған италиялықтар ел аумағында, екінші дозасын ектіргендер ЕО аймағында саяхаттай алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу