Италия иммиграциялық саясатты күшейтуде

487

Жаңа ережелерге сәйкес, теңіз арқылы келетін мигранттарға жағажайға шығуға тыйым салынды. 

Италия иммиграциялық саясатты күшейтуде Фото: eadaily.com

Оңшылдардан құралған Италияның жаңа үкіметі мигранттар үшін жаңа, қатаң ережелер енгізді. Ел билігі енді Жерорта теңізі суларында қайырымдылық ұйымдары құтқарған шетелдіктердің жағаға шығуына жол бермейді. Рим мигранттар баспананы Италияда емес, келген кемелері қай елдің туы астында болса, сол елде іздеуі керек деген ұстанымға көшкен, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, жексенбіде Италия билігі "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымына тиесілі және Норвегия туының астында жүретін Geo Barents кемесімен келген215 мигрантқа жағаға шығуға рұқсат бермеді. Ал неміс Humanity 1 кемесі құтқарған 45 ер адам да екі ортада қалды.

"Теңізде бейбіт тұрғындарды құтқаруға кедергі болуға болмайды. Қауіпсіздік іздеген адамдардың теңізге батып кетуіне жол бермеу - біздің моральдық әрі заңды міндетіміз", - дейді Германия СІМ өкілі Андреа Зассе.

Дегенмен екі кемеден бес жүзге жуық адам — әйелдер, балалар мен денсаулығы нашар ер адамдар жағаға шығуға рұқсат алды. GeoBarents пен Humanity 1 борттарында қалған мигранттар Катания портынан кетуден бас тартты. Олардың жағдайы өте ауыр, дейді құқық қорғаушылар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу